Қазақстан • 13 Қаңтар, 2023

«Самұрық-Қазына» 2022 жылғы жұмысын қорытындылады

438 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін елордада «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 2022 жылғы жұмсын қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Самұрық-Қазына» 2022 жылғы жұмысын қорытындылады

Жиынға Қазақстанда қайырымдылықпен айналысатын ҮЕҰ, қордан көмек алған балалар мен ересектер, «Самұрық-Қазына» қоры тобының қызметкерлері мен компанияларының басшылары, БАҚ өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.

Өткен жылы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы қайырымдылыққа жұмсалатын бюджетті 40%-ға, яғни 10 млрд теңгеге дейін ұлғайтып, балалар мен Қазақстан аймақтарын қолдауға баса назар аударды. Бір жыл ішінде 43 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, 500 мыңға жуық азамат қажетті көмек алған.

г

Тың бастамалардың қатарында өңірлердегі 80 000-нан азаматқа көмек көрсеткен медицина пойыздары; республикамыздың 15 қаласында тұратын ерекше балаларға бейімделген спортпен айналысуға мүмкіндік беретін «Саламатты болашақ»; Шымкент, Қарағанды, Талдықорған, Ақтау, Өскемен және Орал қалаларындағы перзентханаларды сәби өмірін сақтауға арналған гипотермиялық құрылғылармен қамтамасыз ету жобалары бар.

г

«Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры Ғибрат Ауғановтың айтуынша, Қор қайырымдылыққа жұмсалатын қаржыны одан әрі арттыруды көздеп отыр. Дәлірек айтқанда, «Самұрық-Қазына» қоры таза табысының 7%-ын «Қазақстан халқына» әлеуметтік қорына аударады. Алдын ала болжам бойынша, бұл шамамен 130 миллиард теңгені құрайды. Осылайша «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қайырымдылыққа жұмсайтын шығыны 13 есе артады.

ш

Айта кетсек, есеп беру кездесуінің алдында панельдік сессия өтті. Онда Қазақстанның қайырымдылықпен айналысатын ірі ҮЕҰ өкілдері сөз сөйледі. Олар облыстық және республикалық деңгейде жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісіп, қайырымдылық саласындағы кейінгі жаңалықтарды зерделеді.

Отырыс барысында қатысушылар «Самұрық-Қазынаға» көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіріп, болашаққа үлкен жоспарлары бар екенін хабарлады. Еншілес компаниялардың өкілдері алдағы уақытта да азаматтардың игілігі үшін бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

ошщ

Жиын соңында «Астана Опера» театрының камералық залының сахнасында 2022 жылы көмек алған 30-ға жуық ерекше бала өнер көрсетті. Олардың арасында «Замандас» және «Қамқорлық» жобаларының қатысушылар да бар. Алғашқысында елордадағы аз қамтылған отбасылардың балаларына тегін үйірмелер ұйымдастырылса, «Қамқорлық» жобасы арқылы ел аймақтарында ерекше балаларға арналған оңалту орталықтары ашылып келеді.

г