Қаржы • 13 Қаңтар, 2023

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтап қалды

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,75 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтап қалды

«Ішкі және сыртқы инфляциялық процестер динамикасы, сондай-ақ экономикалық өсу траекториясы Ұлттық банк болжамының базалық сценарийіне сәйкес қалыптасып жатыр. Айлық инфляция біртіндеп баяулап келеді, бірақ ол өзінің орташа жылдық мәндерінен жоғары күйінде қалып отыр. Инфляциялық тәуекелдердің балансы проинфляциялық күйін сақтап қалды, себебі инфляцияның орнықты бөлігі жоғары қалыптасып, инфляциялық күтулер қарқын алды. Логистикалық тізбектердің құрылымдық өзгеруі экономикаға теріс ықпалын тигізіп келеді. Сақталып отырған тәуекелдер базалық мөлшерлемені ұзақ уақыт ішінде ағымдағы мәндерде ұстап тұруды талап етеді», делінген хабарламада.

ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2023 жылғы 24 ақпанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 12:00-де жарияланады.

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ