Қоғам • 13 Қаңтар, 2023

Қазақстанда аз қамтылған азаматтардың саны артты

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда аз қамтылған азаматтардың саны артты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда аз қамтылған азаматтардың саны артты

Министрдің айтуынша, өткен жылы аз қамтылған азаматтар саны 4,9 пайызды құраса, биыл бұл көрсеткіш 5,1 пайызға жетті.

«Инфляцияның жоғары деңгейінен азаматтар табысынан айырылып жатыр. Азаматтар ақшасының көп бөлігін азық-түлік сатып алуға жұмсайды. Мысалы, 150 мың теңге туралы айтатын болсақ, қазір бұл ақшаның 60-70 пайызы азық-түлікке жұмсалады. Осылайша, отбасын одан әрі дамытуға қалатын қаржы азайды. Әрине, бұл жағдай әр отбасының бюджетіне әсер етеді», деді Тамара Дүйсенова.