Аймақтар • 13 Қаңтар, 2023

Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Таразда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған атыс қаруы мен оқ-дәрілердің екі арсеналын тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды

Полицейлердің хабарлауынша, «Тектұрмас» кешенінің аумағында қаңтар оқиғасы кезінде облыстық полиция департаментінің ғимаратынан ұрланған тапанша табылып, тәркіленген.

Сондай-ақ 9 мм калибрлі 5 жауынгерлік патроны бар «ПМ» маркалы тапаншаның оқжатары табылды.

Сол күні Ниетқалиев көшесіндегі құрылысы аяқталмаған ғимараттың жертөлесінде 5 қаңтарда Алматыдағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған 7,62 мм калибрлі «Benelli SAT 13299» мылтық карабині табылды.

Қару-жарақ пен оқ-дәрілердің арасында белгісіз маркалы газ револьвері, 5,45 мм калибрлі 43 патрон, 7,62 мм калибрлі 17 патрон, сақтандырғышы бар жарық-шу гранатасы, 5 қол газ гранатасы болды.

»Екі факт бойынша сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша «Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қаруды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», деді облыстық ПД ЖПБ бастығы Әлім Бажықбаев.

еп