Елорда • 14 Қаңтар, 2023

Елордада екі мыңнан астам жұмысшы қар күреуге шықты

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде үздіксіз жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Елордада екі мыңнан астам жұмысшы қар күреуге шықты

Қыс мезгілі басталғалы бері қаладан 1,9 млн текше метрден астам қар шығарылды. 

14 қаңтар күні таңертең қала бойынша қар күреу жұмысына 2 мыңнан астам жұмысшы мен 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Өткен түнде қаладан 42 мың текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін полигондарға 3 038 рейс жасалды.

Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға барлығы 1,9 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 152 748 ауыр жүк көлігінің көлеміне тең.

Сол сияқты қаладағы негізгі тротуарлар мен көшелердің бәріне көктайғақты болдырмау және тұрғындардың жайлы жүруі үшін құм-тұз қоспасы себіледі.