Аймақтар • 14 Қаңтар, 2023

Жезқазғанда салынып жатқан нысанның құбырлары ұрланған

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жезқазғанда салынып жатқан нысанның аумағынан 11 миллион теңгенің металл пластикалық құбырларын ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жезқазғанда салынып жатқан нысанның құбырлары ұрланған

Биылғы 12 қаңтар сағат 12:39-да Жезқазған қаласының полиция бөліміне қалада орналасқан салынып жатқан нысаннан белгісіз тұлғалардың металл пластикалық құбырларды ұрлағаны туралы хабарлама келіп түскен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 11 миллион теңгеге бағаланған.
                                                                                                                      Жезқазған қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында металл құбырларды ұрлағанын мойындаған 32 және 37 жастағы Жезқазған қаласының екі жұмыссыз тұрғынын анықтады.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, айғақты заттар тәркіленді.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.