
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 21102 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған дене жарақаттары салдарынан жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ ВАЗ 21102 көлігінде кәмелетке толмаған үш жолаушы болған.
Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған үш жолаушы, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Іс бойынша бірқатар сот сараптамасы тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.