Оқиға • 15 Қаңтар, 2023

Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грузин және кеңес әртісі, киноактер, кинорежиссер, эстрада әншісі және бірнеше әннің авторы Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды

Вахтанг Кикабидзе 1938 жылы шілденің 19-ында Тбилиси қаласында дүниеге келген. Грузияның халық әртісі. Орысша және гүржі тілінде бірнеше әндердің авторы әрі орындаушысы.

Кикабидзенің режиссерлік жұмыстары – «Будь здоров, дорогой» (1981 ж.) және «Мужчины и все остальные» (1985 ж.).

Ол кеңес кинематографының әйгілі фильмдерінің бірі – Георгий Данелия түсірген «Мимино» фильмінде бас кейіпкердің рөлін ойнаған.