Қоғам • 15 Қаңтар, 2023

Алматыда қызды ұрып-соққандардың ата-аналары жауапқа тартылды

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екі заңсыз эпизод Алматының Алатау ауданында болған, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда қызды ұрып-соққандардың ата-аналары жауапқа тартылды

Екі оқиғаға да қаладағы колледждердің бірінде оқитын кәмелетке толмаған студенттер қатысқан.

«Бұл деректер әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды. Бірінші жағдайда оқиғаның 15 жастағы қатысушылары видеоның  2022 жылдың ақпанында түсірілгенін хабарлады. Олар өз кінәларын толық мойындады. Қыздардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 127, 435-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Биылғы жылдың 4 қаңтарында «Ұлжан» ықшамауданында қыздың денесіне зақым келтірген тағы үш қыздың ата-анасына да осындай шаралар қолданылды. Төбелеске қатысушылар тіркеуге алынып, ювеналды полиция инспекторларының бақылауында болады», деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Талғат Беркінбаев.