12 Маусым, 2014

Әйелі мен қарындасын пышақтап өлтірген

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында 23 жасар жігіт өзінің 21 жастағы әйелі мен 19-дағы қарындасын пышақтап өлтірді. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, полицейлер олар тұратын үйдің қорасынан екі бірдей мәйіттің үстінен түскен. Тәртіп сақшылары келгенде, ау­ла­дан әртүрлі дене жарақатын ал­ған ер кісі кезігеді. Оны да соққы­ға жыққан жаңағы жігіт болып шықты. «Бұл қылмысқа жарақат алып қалған ер адамның 23 жасар өгей ұлы себеп болған. Ол артынша ұсталып,  өз қылмысын толық мойындады. Жас жігіт осының алдында әйелімен ұрсысып қалған. Кешке болған ұрыс-керістен кейін ол пышақты әйелінің жон арқасына ұрады. Содан оны қораға апарып, бірнеше жерден пышақтап өлтірген», – делінген хабарламада. Аулаға шыққан жігіт айғайды естіп жүгіріп келе жатқан қарында­сына кезігіп, оны да бауыздап, қораға апарады. Сол жерде екеуін де балталап тастайды. Одан кейін ол түк болмағандай бақшаға барып, өгей әкесіне көмектесуге кіріседі. Бір кезде өгей әкесі сөз арасын­да оның даукестігін бетіне басады. Бұ­ған ыза болған жас жігіт қолын­да­ғы күрегімен өгей әкесін де ұрып жыққан. Аталған оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Мұрат АЙТҚОЖА.