Ауа райы • 16 Қаңтар, 2023

Елімізде аяз әлі де сақталады

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде аяз әлі де сақталады

Қазгидромет таратқан ақпаратқа сәйкес, солтүстік-батыс антициклонның әсерінен елімізде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында қар мен боран болады.

Тұрақты антициклон және арктикалық ауа массалары температура фонында күрт өзгерістер тудырмайды. Аяз әлі де сақталады.