Өткен жылы Қазақстан қылмыстық сот төрелігі деңгейі бойынша елдер рейтингінде әлем бойынша 62-ші орынды иеленді. Бұл - рейтингке қатысатын барлық ТМД елдері арасында ең жақсы көрсеткіш. Айта кетсек, рейтингте барлығы 140 орын бар.
Өзбекстан - 65-ші, Беларусь - 76-шы, Молдова - 85-ші, Украина - 93-ші, Қырғызстан - 114-ші, Ресей - 123-ші орында.
Еуропа елдері бойынша Норвегия, Финляндия және Дания рейтингте көш бастады, үздік төрттікке Венесуэла кірді.
Finprom деректеріне қарағанда, 2022 жылғы қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 149,4 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен бірдей. Атап айтқанда, 63,6 мың жағдай - ауырлығы орташа, 41,4 мың - ауыр, 21,9 мың - ауырлығы аз, 2,1 мың жағдай - аса ауыр. Тағы 20,4 мың жағдай теріс қылықтарға жатқызылды.
Өңірлік бөліністе қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматыда тіркелді (32,9 мың жағдай). Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 29,4%-ға артық. Антилидерлердің үштігіне Астана (15,9 мың жағдай, плюс 5,1%) және Алматы облысы (11,9 мың жағдай, минус 13%) кірді.
Ең аз құқық бұзушылық жаңадан құрылған өңірлерде — Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарында тіркелді.
Ең көп қылмыстық құқық бұзушылық, яғни 114,3 мың жағдай мүлікке қарсы құқық бұзушылық саласында тіркелген.