Қоғам • 16 Қаңтар, 2023

Өткен жылы әскерге қанша адам шақырту алған?

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылы әскерге шақырту алған Қазақстан азаматтарының саны айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен жылы әскерге қанша адам шақырту алған?

«Өткен жылы 35 мыңға жуық азамат әскерге шақырту алған. Бірінші кезекте шекарашылар, содан кейін қарулы күштер, мемлекеттік күзет қызметі мен ұлттық гвардия шақырылды. Өздеріңіз білетіндей, көктемде наурыз айынан бастап маусым айына дейін шақырту науқаны болды. Ал күзгі науқан 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін өткізілді. Нәтижесінде, шекара қызметіне - 6 мың, Ұлттық ұланға - 13 мың, қарулы күштерге - 14 мыңнан астам, мемлекеттік күзет қызметіне - 100-ден астам, төтенше жағдайлар қызметіне - 300-ден астам адам шақырылды», деді ҚР ҚК Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру департаменті бастығының орынбасары Азамат Дусимов брифинг барысында.

Оның айтуынша, 2021 жылға қарағанда 2022 жылы шақырту алғандардың саны біршама көбейген.

«2021 жылмен салыстырғанда өсім бар. Әскерге шақыртылғандардың саны 2000-ға көбейген. Бұл шекара әскерлеріне, қарулы күштер мен мемлекеттік күзет қызметіне қатысты. Әскерге шақырту - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткізілетін жоспарлы іс-шара. Келесі шақыру науқаны наурыз айында басталады», деді Азамат Дусимов.

 

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті