Қазақстан • 16 Қаңтар, 2023

Министр Ербол Қарашөкеев Берлинге аттанады

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-20 қаңтар аралығында Германияның Берлин қаласында XV Дүниежүзілік азық-түлік және ауыл шаруашылығы форумы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр Ербол Қарашөкеев Берлинге аттанады

Фото: gffa-berlin.de

Осы орайда «Жасыл апта – 2023» халықаралық көрмесіне қатысу үшін Министр Ербол Қарашөкеев бастаған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің делегациясы Берлинге барады деп жоспарланған.

Айта кетейік, халықаралық дәрежедегі «Жасыл апта» – ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірісі және бау-бақша саласындағы ең ірі халықаралық көрме-жәрмеңке. Ол 1926 жылдан бері Берлинде жыл сайын өткізіліп келеді.

Іс-шара аясында қазақстандық тарап халықаралық азық-түлік индустриясының озық технологиялық әзірлемелерімен және өнімдерімен танысады.