* Қазақстанда Энергетикалық хартия үдерісін дамытудың негізгі бағыттарын анықтайтын құжат дайындалады. Бұл туралы мәлімдеген Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин биылғы 26-27 қараша күндері өтетін хартия конференциясы сессиясы қорытындысында әзірленетін Астана қаласының 2015-2019 жылдарға арналған «Жол картасының» стратегиялық негізгі бағыттарды анықтайтын құжат болуы мүмкін екенін айтты.
* Назарбаев Университетінің айналасында ғылыми-зерттеу және корпоративтік орталықтар белдеуі құрылады. Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, аталмыш оқу орнында жаңартылмалы энергетика, қоршаған орта, компьютерлік технологиялар, биохимия, робототехника, физика бағыттары бойынша 45 ғылыми жоба жүзеге асырылады.
* Шығыс Қазақстанда денсаулық сақтау қызметкерлеріне төл мерекелері қарсаңында 58 жеңіл автомобиль тапсырылды. Семей қаласындағы орталық алаңда өткен бұл рәсімде дәрігерлерге көлік кілттерін табыс еткен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бұған қоса тағы 6 медицина қызметкерінің «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша пәтерлі болғанын жария етті.
* Ақмолалық өнертапқыш биоотын мен тыңайтқыш өндіре бастады. Облыстың Сандықтау ауданындағы Шаңтөбе кентінде орналасқан «Вега» ЖШС директорының орынбасары Иван Чесовикин бұларды сиырдың қиын өңдеу арқылы жасап жатыр.
* Қарағанды облысында құбыр шығаратын зауыттың іске қосылар шағы жақын. Оның құрылысына германиялық инвесторлар 1,5 млрд. теңгеден астам қаражат салды. Жылу жүйесі мен мұнай өндіруде кәдеге жарайтын құбырлардың кепілдік мерзімі ұзақ әрі сапасы жоғары. Жаңа зауыт арнайы экономикалық аймақта орналасқан.
* Шымкентте 8 мың орындық жаңа мешіт бой көтереді. Кеше Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов пен өңірдің зиялы қауым өкілдері жаңа құтхананың капсуласын салу рәсіміне қатысты. Барша мұсылман үшін қасиетті Ораза айының алдында құрылысы басталатын нысан 2016 жылы қасиетті Рамазан айында ел игілігіне айналатын болады.
* Қызылордадағы колледждер Әлемдік даму банкінің гранттарын жеңіп алды. Бұл туралы баяндаған облыстық білім басқармасының басшысы Наурызбай Байқадамов биыл жаңадан ашылатын 10 мамандыққа облыстық бюджеттен 106,0 млн. теңге қаржы бөлініп отырғанын жеткізді.
* Атырау облысында балалардың жазғы демалысына 128,7 млн. теңге бөлінді. Жалпы, биыл аймақтың 17 мың мектеп оқушысы жазғы демалыстарын облыстан тыс жерлерде өткізеді. Олардың арасында жетім балалардың үлес салмағы басым.
«ҚазАқпарат», 24KZ,
Аltaynews.kz, Egemen.kz агенттіктерінің сайттары деректері бойынша дайындалды.