Теннис • 16 Қаңтар, 2023

Бейбіт Жұқаев Таиландтағы турнирде жеңіліп қалды

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан теннисшісі Бейбіт Жұқаев Таиландтың Нонтабури қаласында өтіп жатқан жекелей турнирдің бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейбіт Жұқаев Таиландтағы турнирде жеңіліп қалды

Қазақстан спортшысы австралиялық теннисші Джеймс Даквортпен (әлемнің 156-шы ракеткасы) кездесіп, екі сетте 3:6, 4:6 есебімен жеңілді. Матч 1 сағат 20 минутқа созылды.

Кездесу барысында Жұқаев сегіз иннингті дәл орындап, алты рет қос қате жіберді. 

Қазақстандық теннисші қазір ATP рейтингінің (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) 307-қатарында.