Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі аясында «Дженерал Электрик Ойл энд Газ» компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Лорензо Симонеллимен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында мұнай-газ инфрақұрылымы, энергетика, көлік, денсаулық сақтау және өзге де салалардағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев компанияның Қазақстандағы белсенді инвестициялық қызметін және оны әрі қарай кеңейтуге әзірлігін атап өтті, сондай-ақ, локомотив құрастыру жөніндегі бірлескен кәсіпорынның өнімдерін сыртқы нарықтарға шығарудың маңыздылығына тоқталды.
Тараптар компания бөлімшелерінің мемлекеттік органдармен және елдегі ұлттық компаниялармен табысты өзара ықпалдастығына тоқталып, бірқатар инфрақұрылымдық және көліктік жобаларды қарастырды.
«Дженерал Электрик» – Қазақстан Республикасындағы шетелдік ірі компанияның бірі. Оның клиенттері мен серіктестері қатарына өңірде 200-ден астам компания және ұйымдар кіреді. «Дженерал Электриктің» Алматыдағы өкілдігі 1994 жылы ашылды.

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше