12 Маусым, 2014

Әңгіме арқауы – ынтымақтастық

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11-06-02 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі аясында «Дженерал Электрик Ойл энд Газ» компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Лорензо Симонеллимен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында мұнай-газ инфрақұрылымы, энергетика, көлік, денсаулық сақтау және өзге де салалардағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев ком­панияның Қазақстандағы белсенді инвестициялық қызметін және оны әрі қарай кеңейтуге әзірлігін атап өтті, сондай-ақ, локомотив құ­рас­тыру жөніндегі бірлескен кәсіп­орынның өнімдерін сырт­қы нарықтарға шығарудың маңыз­дылығына тоқталды. Тараптар компания бөлім­шелерінің мемлекеттік органдар­мен және елдегі ұлттық компа­ниялармен табысты өзара ықпалдастығына тоқталып,  бір­қа­тар инфрақұрылымдық және кө­ліктік жобаларды қарастырды. «Дженерал Электрик» – Қа­зақстан Республикасындағы ше­тел­дік ірі компанияның бірі. Оның клиенттері мен серіктестері қа­тарына өңірде 200-ден астам компания және ұйымдар кіреді. «Дженерал Электриктің» Ал­матыдағы өкілдігі 1994 жылы ашылды.