Данил Васильев қалыпты шаңғымен секіру спорт түрінен жеңіске жетті. Бірінші талпыныста ол 127,2 ұпаймен бірінші орын алса, соңғы айналымда екінші (130,1) болып мәреге жетті. Екі тәсілдің қосындысында Қазақстан спортшысы австриялық Максимиллиан Линхерді (251,4) және Тимон Паскаль Кахоферді (248,8) басып озып, үздік нәтиже көрсетті (257,3).
Қазақстанның басқа спортшылары келесідей нәтиже көрсетті: Сергей Ткаченко – жетінші (220,9), Никита Девяткин – тоғызыншы (216,2), Святослав Назаренко – 20 (147,3), Мағжан Амангелдіұлы – 21 (144,5).
Васильев жеңіп алған медаль Қазақстан үшін биылғы Универсиададағы екінші медаль болды. Бұған дейін «алтынды» биатлоншы Вадим Куралес жеңіп алған еді.