Оқиға • 17 Қаңтар, 2023

Жамбыл облысында қару-жарақ сақталған орын табылды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында есірткі қылмысын ашу барысында қару-жарақ сақталған орын табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысында қару-жарақ сақталған орын табылды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Төле би ауылында бос қалған ғимараттың ішінен қару-жарақ тауып алды.

Полицейлер жасырылған жерден жартылай автоматты тегіс ұңғылы Mossberg мылтығын, екі тегіс ұңғылы ИЖ-16 мылтығын, екі ұңғылы ТОЗ-16 екі шолақ мылтықты, төрт ұңғылы ПБ-4 Оса тапаншасын,  Револьвер Reg agent газ тапаншасын, ПМ тапаншасын, жарық дыбыстық гранаталар мен оқ-дәрілерді алып шықты.  Табылған ПМ тапаншасы қаңтар оқиғалары кезінде Полиция департаментінің  қоймасынан ұрланған.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірхановтың ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері есірткіге қарсы күрес барысында осындай төрт қару-жарақ орны табылған.