Аймақтар • 17 Қаңтар, 2023

Қостанайда жыл басынан бері 48 өрт жағдайы тіркелді

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда өрт шығу жағдайлары жиіледі. Өкінішке қарай, өткен жылмен салыстырғанда биылғы көрсеткіш екі есе өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда жыл басынан бері 48 өрт жағдайы тіркелді

Олардың көбі соңғы аптада болған. 9 қаңтар мен 15 қаңтар аралығында 28 өрт шығу дерегі тіркелген. Өрт салдарынан қайтыс болған адамдар да бар.

«11 қаңтар күні Ұзынкөл ауылында жеке тұрған үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндіру кезінде 2 адамның мәйіті табылды», делінген қалалық ТЖ департаменті таратқан хабарламада.

 

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті