Хоккей • 17 Қаңтар, 2023

ҚХЛ: «Барыс» «Сібірден» жеңіліп қалды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының үй сериясында «Сібір» командасымен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚХЛ: «Барыс» «Сібірден» жеңіліп қалды

«Алаң иелерінің бапкерлері шабуылдаушы үштікті ауыстырып, қорғаныс шебіне екі өзгеріс енгізді. Михаил Григорьев пен Юрий Сергиенконың орнын жарақаттан кейін алаңға оралған Самат Данияр мен Егор Шалапов алды», деп хабарлады клубтың баспасөз қызметінен.

Ойын есебін алаң иелері ашты, дегенмен қарсы команда аз уақыт ішінде басым түсті. 

Қарсыластарының шабуылын тежеген «Сібір» командасы үшінші жиырма минуттық кезеңнің басында ерекше көзге түскен Александр Шаровтың күшімен алға шықты. 

Осылайша астаналықтар қатарынан төртінші матчта жеңіліп қалды.

Айта кетейік, 19 қаңтарда «Барыс» «Трактормен» кездеседі.