Әлем • 17 Қаңтар, 2023

Джорджия штатында төтенше жағдай режимі жарияланды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай режимі Баттс, Генри, Джаспер, Мериуэзер, Сполдинг және Троуп елді мекендерінде жарияланды деп хабарлайды Egemen.kz.

Джорджия штатында төтенше жағдай режимі жарияланды

АҚШ президенті Джо Байден дауыл мен торнадо салдарынан АҚШ-тың оңтүстік-шығысындағы Джорджия штатында төтенше жағдай режимін жариялады. Бұл туралы Ақ үйдің веб-сайтында хабарланған.

«Қатты дауыл кезінде зардап шеккен аудандарда жергілікті және штат деңгейіндегі қалпына келтіру жұмыстарын толықтыру үшін федералды көмек көрсетуге шешім қабылданды», делінген хабарламада.

АҚШ президентінің бұйрығына сәйкес, жергілікті тұрғындарға сақтандырылмаған мүліктік шығындарды жабу үшін жеңілдетілген несиелер беріледі.

Сонымен қатар жеке кәсіпорындар мен жеке тұлғалар да мемлекеттік қолдауға сүйене алатыны қоса хабарланған.

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ