Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Сингапурға жасаған мемлекеттік сапары аясында осы елдің президенті Халима Якуб пен премьер-министр Ли Сянь Лунмен келіссөз өткізді.
Шавкат Мирзияев пен Халима Якуб Өзбекстан мен Сингапур арасындағы қатынастарды одан әрі тереңдету перспективалары, оның ішінде қоғамдық-саяси өмірді одан әрі демократияландыру жөніндегі реформалар туралы пікір алмасты. Білім беру саласы да тасада қалмады.
Бүгінде Ташкент қаласында Сингапурдың Менеджментті дамыту институты мен Сингапурдың Технологиялар, менеджмент және коммуникациялар академиясы табысты жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ келіссөздер барысында Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы өңірлік ынтымақтастық пен интеграция саласындағы екі елдің тәжірибесі егжей-тегжейлі талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты өзара дамытудың негізгі бағыттарын айқындады.
Гүлшахра САНСЫЗБАЙ