Экономика • 17 Қаңтар, 2023

Қазақстан мен БАӘ тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізуге ниетті

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен БАӘ тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін жеткізеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан – БАӘ инвестициялық дөңгелек үстелінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен БАӘ тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізуге ниетті

«Елдеріміз арасында орнаған қатынастар 30 жылдан бері жоғары деңгейде жалғасып келеді. БАӘ – біздің негізгі аймақтық сауда-экономикалық серіктесіміз. Бұл кездейсоқ емес. БАӘ Қазақстанға шамамен 3 миллиард доллар инвестиция құйды, ал Қазақстан БАӘ-ге миллиард доллардан астам инвестиция салды. 2022 жылдың аяғында елдеріміз арасындағы тауар айналымы шамамен 600 миллион долларға жетті. Бұл – үлкен жетістік. Дегенмен әлі де арттыра түсуіміз керек», деді Мемлекет басшысы

Осы орайда ол шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен бүгінгі кездесуде тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін жеткізу үшін күш салу жөнінде шешім қабылдағанын айтты.