Мемлекет басшысы Қазақстан – БАӘ инвестициялық дөңгелек үстел отырысында екі ел арасындағы іскерлік ынтымақтастықты одан әрі нығайтатын негізгі бағыттарды атады.
«Біздің еліміз ауыл шаруашылығы саласындағы серіктестікке үлкен үміт артып отыр. Қазақстан органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, оны БАӘ нарығына жеткізуге дайын. Әмірліктердің Қазақстанда бұрыннан жұмыс істеп жатқан және басқа да кәсіпорындарын тамақ өнеркәсібіне инвестиция салуға шақырамыз», деді ол.