Қоғам • 18 Қаңтар, 2023

Астана көшелерінің біріне Асқар Забикулиннің есімі беріледі

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республикалық ономастика комиссиясы Астана  қаласының жаңа құрылған ауданы мен көшелеріне, сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің Сарысу аудандық мәдениет үйіне жаңа атау беру мәселесін қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана көшелерінің біріне Асқар Забикулиннің есімі беріледі

Комиссияның қарауына мемлекеттік органдардан барлығы 15 ұсыныс келіп түскен. Оның ішінде Жамбыл облысы әкімдігінің Сарысу аудандық мәдениет үйіне ақын Майкөт Сандыбайұлының есімін беру туралы ұсынысы қолдау тапты.

Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігінің ұсынысына сәйкес елордада жаңадан құрылған ауданға «Нұра» атауы, бірқатар көшелер және алаңдарға атау беру туралы ұсыныстарына оң қорытынды берілді. Олар:

  1. Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңы;

  2. Әл-Фараби даңғылы;

  3. Гейдар Алиев көшесі;

  4. Асқар Забикулин көшесі;

  5. Әскен Нәбиев көшесі;

  6. Сырбай Мәуленов көшесі;

  7. Мәншүк Мәметова көшесі;

  8. Шапық Шөкин көшесі;

  9. Санжар Асфендияров көшесі;

  10. Бердібек Соқпақбаев көшесі;

  11. Бейбарыс Сұлтан көшесі;

  12. Мағжан Жұмабаев даңғылы;

  13. Қарамерген көшесі.

Айта кетсек, комиссия ерлікпен қаза тапқан өртсөндіруші Асқар Забикулиннің есімін Астана қаласы Есіл ауданындағы Е-583 көшесіне беру туралы шешім қабылдады.

«Есімі ел тарихында мәңгі сақталған тұлғалардың насихатталуы – міндетті құбылыс. Ономастика саласында атқаратын жұмыс көп, барлығы уақыт шеңберінде жүзеге асады деген сенімдеміз», деді Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.

Жақын арада комиссияның қорытындысы дайындалып, заңнамаға сәйкес жұмыстарды жүргізу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі.