Қазақстан • 18 Қаңтар, 2023

Елімізде телерадиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүріп жатыр. Сол себепті барлық телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде телерадиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылды

«Телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар 18 қаңтар күні сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», делінген хабарламада.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:10

Жұбановтан қалған жәдігер

Жәдігер • Бүгін, 08:55

Алаш тұлғасына құрмет

Тағзым • Бүгін, 08:45

Кәсіптің өзгерген келбеті

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:40

Қоныстой қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Тобыл бойындағы тазалық акциясы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:25