Саясат • 18 Қаңтар, 2023

Қазақстанда жаңа партия тіркелді

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылдың 18 қаңтарында Respublica өкілі партияның тіркеу құжаттарын алды. Бұл туралы Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда жаңа партия тіркелді

Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Бұдан былай біз – еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз! Мен партияның тең төрағалары Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шөкижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаевты елімізді жақсы жаққа өзгерту жолындағы алғашқы жеңісімен құттықтаймын», деді Айдарбек Қожаназаров.

Ми
Сондай-ақ ол бүгіннен бастап Respublica құрылтайшылары, көшбасшылары мен мүшелері партияның қызметін еліміздің әр өңірінде толық көлемде ресми түрде өрістете алатынын атап өтті.

Respublica партиясының алғашқы құрылтай съезі 2022 жылдың 7 желтоқсанында өтті.

Еске сала кетсек, 19 желтоқсанда Мәжіліс аясында Әділет министрі Қанат Мусин Қазақстанда тағы бір партия – Respublica ресми тіркелгенін айтты. Алайда кейінірек Әділет министрлігінің баспасөз қызметі Respublica партиясы әлі тіркеуден өтпегенін мәлімдеді.