Саясат • 18 Қаңтар, 2023

Жыл соңына дейін жөндеуден өткен жолдар пайдалануға беріледі

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоспар бойынша «Қандыағаш – Мақат», «Ақтөбе – Қандыағаш» автожолдары жыл соңына дейін пайдалануға берілуі қажет, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл соңына дейін жөндеуден өткен жолдар пайдалануға беріледі

Еліміздің батыс өңірінде бірнеше бағыттағы жолдар жөндеуден өтіп жатыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Алмаз Ыдырысов айтып берді.

«Батыс Қазақстан облысында жалпы 248 шақырымдай жолға күрделі жөндеу жүргізіліп, 129 шақырымдай жол жүрісі қамтамасыз етілген. Қазір тиісті жұмыстарды уақытылы аяқтау үшін қажетті материалдар дайындалып жатыр. Ақпан айынан бастап инертті материалдарды тасымалдауға арналған вагондар паркін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», деді вице-министр.

 

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті