Елорда • 18 Қаңтар, 2023

Елордада «Бұрқасын-2023» фестивалі өтеді

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 ақпанда Астанада «Бұрқасын-2023» қысқы фестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада «Бұрқасын-2023» фестивалі өтеді

Аталған іс-шара жыл сайынғы қысқы фестиваль бағдарламасы аясында спорттың 10 түрінен өтеді. Олар: шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, белбеу күресі, арқан тартыс, пималы хоккей, қармен нысананы дәлдеп ату жарысы, автоспорт, мотоспорт, қысқы футбол.

Жарысқа қатысуға денсаулығы жарамды кез келген адам қатыса алады. Тіркеуден өту кезінде өзімен бірге жеке басын куәландыратын жеке құжаты қажет.

Шаңғы жарысына тіркелу кестеге сәйкес сөреден 30 минут бұрын, өткізу орнында ұйымдастырылады. Қатысушылардың старттық нөмірлері әр жас тобы бойынша сөреден 30 минут бұрын беріледі. Жарыс санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жүргізіледі.

Әр жас тобындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Қысқы фестиваль 19 ақпан күні сағат 11:00-де Есіл өзені, Амфитеатр жанында басталады.