Қоғам • 19 Қаңтар, 2023

Ғани Бейсембаев 180 елдің туын білетін 6 жасар оқушымен кездесті

616 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемнің 180 елінің мемлекеттік туын жатқа білетін Астана қаласының мектеп оқушысы 6 жасар Ерген Дүйсенбек Оқу-ағарту министрлігінде болып, Ғани Бейсембаевпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғани Бейсембаев 180 елдің туын білетін 6 жасар оқушымен кездесті

Кездесуге Ерген өзінің тулар жинағын әкеліп, білімділігін көрсетті. Сондай-ақ ол осы елдердің барлығына баруды армандайтынын айтты.

«Мен әлемнің барлық мемлекетінің туын білемін, бірақ соның ішіндегі ең әдемісі – біздің елдің Туы. Мен есейгенде атақты адам болып, көк байрағымызды бүкіл әлемге танытып, көкке көтергім келеді», деді оқушы.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бірінші сынып оқушысы Ерген Дүйсенбекпен әңгімелесіп, оған грамота мен естелік сыйлықтар табыс етті. Министр Ергеннің ата-анасына ақылды және тәрбиелі ұрпақ тәрбиелегендері үшін алғыс айтты.