Қазақстан • 19 Қаңтар, 2023

ДДҰ сайтында Қазақстандағы суицид туралы дерек өзгертілді

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша ДДҰ ресми веб-сайтында суицид туралы ақпараттық бюллетень өзгертілді, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ДДҰ сайтында Қазақстандағы суицид туралы дерек өзгертілді

Қазақстан 1992 жылы ДДҰ-ға кірген сәттен бастап ДДҰ Қазақстанға денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша техникалық, сараптамалық және консультациялық қолдаудың кең спектрін көрсетеді.

Қазір ДДҰ-ның ресми сайты штаттық режимде жұмыс істейді және жалпыға қол жетімді.

2022 жылғы 14 қазанда Алматы облысы Талғар аудандық сотының шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында ДДҰ ресми сайтына (ww.who.int)  бұл ресурста пайдаланушыларға суицидтің нақты әдістері, тәсілдері мен ұсынымдары ұсынылатындығын дәлелдей отырып, қолжетімділік шектелген еді.