
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Асханұлы Смайылов «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл лауазымды бұған дейін Джон Дудас атқарған. Ол Қордың тәуелсіз директоры ретінде Директорлар кеңесінде қалады», деп хабарлады «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметінен.