Әлем • 19 Қаңтар, 2023

Филиппиндегі су тасқынынан тағы 33 адам көз жұмды

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Филиппиндегі су тасқыны салдарынан 33 адам қайтыс болып, тағы 7 адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Филиппиндегі су тасқынынан тағы 33 адам көз жұмды

Табиғи апаттарды жою жөніндегі ұлттық кеңестің бейсенбі күні таратқан есебіне сәйкес, республиканың 14 аймағында 1,67 миллионнан астам адам қолайсыз ауа райына байланысты зардап шеккен. Бұған дейін табиғи апаттан 30-ға жуық адам қайтыс болғаны хабарланған еді.

Ведомствоның мәліметінше, 266,3 мың адам 512 эвакуациялық пунктке орналастырылған. Кемінде 14,3 мың адам үйлерін алдын ала тастап кетсе, тағы 12 азамат түрлі дене жарақаттарын алған. Республиканың 14 аймағында су тасқыны мен көшкіндерді қоса алғанда 1,1 мыңнан астам оқиға тіркелді.

606 қала мен 148 муниципалитетте оқу орындарындағы сабақтар мен кәсіпорындардағы жұмыс уақытша тоқтатылды. 59 елді мекенде төтенше жағдай режимі енгізілді. Үкімет зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында бюджеттен 86,8 миллион песо (1,58 миллион доллар) бөлді.