– Істеп тұрған төрт қазандық мазутқа көшіріледі. Қазіргі таңда 380 тонна мазут бар. 960 тонна мазут жеткізіледі. Тәулігіне 240 тонна мазут пайдаланылады. Демек бес күннің қоры бар. Ал өртенген цех үш күн ішінде қалпына келтіріледі, – деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар Даниал Ахметов жылыту электр қазандығы басшылығының жауапсыздығын, салғырттығын сынға алып отыр. Айтуынша, қазандықтың Қаражыра көмір кенішіне 2 млрд 350 млн теңге қарызы бар.
Даниал Ахметовтің пікірінше, мәселе түбегейлі шешілуі үшін қазандық толығымен коммуналдық меншікке өтуі керек. Егер мемлекет меншігіне берілетін болса, қазандықтың қарызы да жабылатын көрінеді. Одан бөлек тозып тұрған жылу жүйелері де ауыстырылуы қажет.