Оқиға • 19 Қаңтар, 2023

Халықты 30 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алаяқ әйел 2022 жылдың мамыры мен 2023 жылдың қаңтары аралығында кәсіпкерлікті дамыту үшін тегін грант қаражатын алып беремін деп 25 адамды алдаған. Нәтижесінде, алаяқ 30 млн теңге иемденген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықты 30 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды

Тексеру барысында күдікті 31 жастағы Алматы облысының тумасы екені белгілі болды.

«Ол бұрын да дәл осындай алаяқтық қылмысын жасап, сотты болған. Қазіргі уақытта күдікті қамауда. Аталған дерек негізінде ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды», деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.