Оқиға • 19 Қаңтар, 2023

Жетісу облысында екі қару сатушы ұсталды

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арнайы операцияны Талдықорған маңындағы ҰҚҚКБ жедел уәкілдері мен Ұлттық ұлан арнайы күштерінің қызметкерлері жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облысында екі қару сатушы ұсталды

«Көксу ауданының 35 және 40 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олардан Калашников автоматы (АК-74), карабин және 5,45 мм калибрлі 30 патрон тәркіленді. Арнайы база бойынша тексеру кезінде қарудың қаңтар оқиғалары кезінде ұрланғаны анықталды», деді Жетісу облысы ПД-ның ресми өкілі Меруерт Морякова.

Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 287-бабы 4-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша жүргізіледі.

Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды.