Қазақстан • 19 Қаңтар, 2023

Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚХР-дағы мерекеге байланысты 2023 жылғы 21-23 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың көлік құралдары мен жүктері өткізілмейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

«Тасымалдаушылардан және барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», деп жазылған Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан хабарламада.