Елордалық команда «Трактормен» күш сынасып, овертаймда жеңді. Үшінші кезеңнің екінші минутында Антон Сагадеев гол соқты. Бір минуттан кейін Александр Борисевич қонақтарды алға шығарды. Бірақ ойын соңына дейін айдын иелері таразы басын теңестіре алды. Дегенмен овертаймда Никита Михайлис шайба салып, елордалық командаға жеңіс сыйлады.
Есеп – 2:3 ОТ (0:0, 1:0, 1:2, 0:1)
Енді 21 қаңтарда «Барыс» «Автомобилистпен» кездеседі.