Қазақстан • 20 Қаңтар, 2023

Қазақстан шекарасында іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ШҚО ПД криминалдық полиция басқармасы мен Шемонаиха ауданы ПБ-ның қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ қызметкерлерімен бірлесіп, республиканың мемлекеттік шекарасынан өту кезінде Ресей Федерациясының 41 жастағы азаматын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан шекарасында іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды

Анықталғандай, ресейлік әйел өткен жылдың қыркүйек айынан бері Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарынан жасырынған. Ол 2021 жылдың қазан-қараша айлары аралығында жалға алған тұрғын үйлерден үй иелерінің мүлкін ұрлаған. Келтірілген залал мөлшері 150 мың рубль сомасына бағаланған.

Ресейлік әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір прокуратура органдарымен бірлесіп, оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.