Аймақтар • 20 Қаңтар, 2023

Таразда «Ақсай» базарынан өрт шықты

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 13:22-де Таразда «Ақсай» базарындағы жеке тұрған екі қабатты ғимараттың шатыры өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда «Ақсай» базарынан өрт шықты

Жамбыл облысы ТЖД Өртке қарсы бөлімшелері оқиға орнына хабарлама түсе салысымен аттанған. Құтқарушылар ғимараттың бірінші қабатынан 4 адамды құтқарды. Қазір зардап шеккендердің жағдайы анықталып жатыр.

Алдын ала ақпарат бойынша өрттің ауданы шамамен 1500 шаршы метрді құрайды. Ғимаратта киім-кешек, ойыншықтар, маталар мен перделерді сату бөлімдері орналасқан.

«Өрт орнына Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 50-ден астам өрт сөндірушісі мен 16 техника жұмылдырылды», делінген ТЖД хабарламасында.