Қазақстан • 20 Қаңтар, 2023

Румыния Қазақстанмен көлік-логистикалық байланыстарды дамытуға мүдделі

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан елшісі Нұрбах Рүстемов Румынияның Вице-Премьер-министрі, Көлік және инфрақұрылым министрі Сорин Гриндеанумен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Румыния Қазақстанмен көлік-логистикалық байланыстарды дамытуға мүдделі

Тараптар екі елдің көлік саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Келіссөздер барысында тараптар Ақтау мен Констанца порттарын қосу, астаналар арасында тікелей әуе қатынасын ашу және Констанцада халықаралық логистикалық форум өткізу сияқты ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыру бойынша алдын ала келісімге келді.

Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін ашу мақсатында жақын арада елдеріміз арасындағы жүктерді жеткізуді жеңілдету жолдарын іздеу үшін логистикалық мәселелер бойынша көпжақты кездесуді өткізудің өзектілігі баса айтылды.

Өз тарапынан С. Гриндеану Қазақстанмен өзара тиімді серіктестікті дамытуға дайын екенін, екіжақты жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге ниетті екенін жеткізді.