Үкімет • 21 Қаңтар, 2023

Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қазақстан экономикасын демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

CAKiaSd97pV57R-QliFGdvxjcjmOkXWV5c4_Z_hDFadf2v4lJ83lJT3LGSCVsEe0s-o6rmPKL2bkvVvVrRmOvXzbzCUIEfkwAVI_S0xV65dcD3N8Z83gOVGMbe9W.jpg

Жиында теміржол тасымалында өндірістік процестің ажырамас бөлігі болып табылатын кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару шараларын талқылады.

Премьер-министр мүдделі мемлекеттік органдарға осы бағыттағы белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Y4CaZPJPGuy03nL4F8THmb2ctkh-s-IiaPjziyiTGhDlf6Kr_FICYaYJkNVgJAfpaN6KNWf_IQIdatPRseaUkugSEVsUnyaihzWJGaT_zAx83FFS_wED6YNv3hk-.jpg

Отырыс барысында бірқатар жеке компаниялардың меншік иелерінен 145 кірме теміржолын республика меншігіне беру туралы ұсыныстар келіп түскені айтылды.

Үкімет басшысы осы шараларды іске асыру үшін барлық қажетті рәсімдерді жүргізуді тапсырды.

B3_MMFupWVsDEOmWhtU3tHzDZIw77_Qev7bojJVBWf6Pdraf28paE-EffudZPQojpzb8nzuk0p9I2MlJUOJ3CE3ypUXSW-y5pFdvJQEXQSZYX8vhgjoxZWf3KY1g.jpg

Сонымен қатар комиссия мүшелері мұнай-газ саласының кейбір инфрақұрылымдық объектілерін мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі жұмыстың барысын қарады.

GTs-Y3px6v-Quu25Z3S6EMjIh5aOUog5UJ96T_cOoBn4rOefsveQsyY3rgZqR465Tl33k8bdTA30BoW_mNj6PwbVPCDPclmbMnjdi0hYZYujMLiroduQkh3UmFFC.jpg

Отырысты қорытындылай келе, Әлихан Смайылов жақын арада нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қаралған барлық мәселелер бойынша рәсімдерді жеделдетуді тапсырды.