Саясат • 21 Қаңтар, 2023

Мәслихат сайлауына қатыса алмайтын партиялар аталды

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 наурызда өтетін мәслихат депутаттарын сайлауға қатыса алмайтын партиялар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәслихат сайлауына қатыса алмайтын партиялар аталды

- «Байтақ» саяси партиясы тиісті құрылымдық бөлімшелерінің болмауына байланысты, тек Атырау, Қарағанды және Қызылорда облыстарында мәслихат депутатын сайлауға қатыса алады. Ал Respublica партиясы тиісті құрылымдық бөлімшелердің болмауына байланысты мәслихат сайлауына жіберілмеді», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Айта кетсек, мәслихаттарға депутат кандидаттарын ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанға дейін жалғасады.

Бұл ретте «Байтақ» және Respublica партиялары сол уақыт аралығында өңірлерде өз филиалдары мен өкілдіктерін ашып үлгерсе сайлауға қатысуға рұқсат ала алады.

Осылайша, партиялық тізімдер бойынша сайланатын ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына келесі партиялар қатысады:

  • «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы;
  • «AMANAT» партиясы;
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
  • «Байтақ» Жасылдар партиясы;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;
  • Қазақстан Халық партиясы;