Президент • 21 Қаңтар, 2023

Рудный тұрғын үйлеріне жылу беріле бастады

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары жалғасып жатыр. Бүгін Президент Рудный қаласының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рудный тұрғын үйлеріне жылу беріле бастады

Мемлекет басшысы жылу құбырының жарылуы салдарынан зардап шеккен Рудный қаласының тұрғындарымен кездесіп, қалыптасқан жағдайды талқылады.

Президент тұрғын үйлерге жылудың қайта берілгенін өз көзімен көру үшін қала тұрғындарының бірінің шақыруымен оның пәтеріне барды.

Қала тұрғыны Олеся Геря жылу беру жұмысын жедел атқарғаны үшін барлық қызметкерге алғысын білдірді.