Президент • 21 Қаңтар, 2023

Президент Лисаков қаласының жылу электр орталығына барды

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Лисаков қаласының жылу электр орталығына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Лисаков қаласының жылу электр орталығына барды

Мемлекет басшысына жылу орталығының жабдықталуы мен қаланың коммуналдық инфрақұрылымының қазіргі жағдайы жөнінде мәлімет берілді.

«Лисаковскгоркоммунэнерго» кәсіпорнының меншігінде Лисаков қаласын жылумен қамтамасыз ететін орталық қазандық және қалаға жақын Октябрь кентінде орналасқан екі блокты-модульды қазандық бар.

Рол

Лисаков қаласының әкімі Абай Ибраевтың айтуынша, жылу орталығы 1968-78 жылдары пайдалануға берілген. Орталықтағы су жылыту қазандықтары соңғы рет 2020 жылы күрделі жөндеуден өткен. Олардың орташа тозу деңгейі 51 пайызға жеткен. Сондықтан таяу жылдары су жылыту қазандықтарына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.

Ал жалпы ұзындығы 112 километр жылу желісінің тозу деңгейі 41%-ды құрайды. 2012 жылдан бері «Шағын және моноқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында жылу желілерінің инфрақұрылымына қатысты 8 жоба жүзеге асқан. Соның нәтижесінде  тозу деңгейі 7 пайызға қысқарып, 41 пайызға дейін төмендеген. Соңғы бес жылда жылу құбырларындағы апаттар саны екі есе қысқарған.  Қала әкімінің айтуынша, алдағы уақытта жылу желісі мен қаланың басқа да коммуналдық инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасын табады.

Мемлекет басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының стратегиялық маңызы зор екеніне назар аударып, қала мен облыс әкімдеріне жылыту маусымына дайындық мәселесімен жүйелі түрде айналысуды тапсырды.

Ро