Қоғам • 21 Қаңтар, 2023

Өткен жылы 20 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 914 кәсіпорнында 21,7 мың жұмыскерге 5,3 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Өткен жылы 20 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Жұмыскерлерге берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 881 нұсқама беріліп, 144,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 20,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 5,2 млрд теңге төленді.