Спорт • 22 Қаңтар, 2023

Универсиада: Қазақстан хоккейшілері «қола» үшін күреседі

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 қаңтарда хоккейден Қазақстанның студенттер құрамасы Лейк-Плэсидтегі Универсиада-2023-те қола жүлде үшін күреседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Универсиада: Қазақстан хоккейшілері «қола» үшін күреседі

Бір күн бұрын хоккейшілер Универсиаданың жартылай финалында канадалықтарға 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Ал жапондықтар овертаймда 1/2 финалдың басқа матчында АҚШ-тан 3:4 есебімен ұтылды.

Қазақстан мен Жапония арасындағы матч 22 қаңтарда, Астана уақыты бойынша сағат 22:05-те басталады. Ал алтын медальді Канада мен АҚШ сарапқа салады.

Универсиаданың соңғы күніне дейін Қазақстан студенттері жалпы командалық есепте 10-шы орынды иеленеді. Біздің спортшылардың қоржынында 9 марапат бар: 3 алтын, 4 күміс және 2 қола.