Қазақстан • 22 Қаңтар, 2023

Қазақстанда ЖКО-дан болатын өлім-жітім жағдайлары көбейген

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр өз есебінде елдегі ЖКО бойынша деректермен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда ЖКО-дан болатын өлім-жітім жағдайлары көбейген

Премьер-министрдің бірінші орынбасары депутаттар жолдаған сауалға жауап жазды.

«Ресми статистикаға сәйкес, 2022 жылдың қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғалары санының – 6%-ға (13 930-дан 14 834-ке дейін), оларда қайтыс болған азаматтардың - 7%-ға (2 270-тен 2 425-ке дейін) және жараланғандардың - 6%-ға (18 096-дан 19 135-ке дейін) өсуі байқалады», деп жазды Премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Склярдың айтуынша, жолдардағы апаттылыққа қатысты статистикалық көрсеткіштердің нашарлауы пандемия кезеңінде енгізілген шектеулер, оның ішінде көлік құралдарының қозғалысы аясында орын алған.

2019 жылмен салыстырғанда ЖКО саны шамамен 11%-ға (16 614-тен 14 834-ке дейін), жараланғандар - 14%-ға (22 180-ден 19 135-ке дейін) қысқарды, қайтыс болғандар саны сол деңгейде қалды (+0,8%, 2 405-тен 2 425-ке дейін).

Бұл ретте соңғы жылдары еліміздің автопаркі өсіп, бүгінгі күні 4,7 млн көлік құралын құрайды (2019 жылы – 4,1 млн бірлік, 2020 жылы – 4,2 млн бірлік, 2021 жылы – 4,3 млн бірлік).

Барлық ЖКО-ның 75%-ға жуығы елді мекендерде орын алады, өлім-жітімнің жартысына жуығы қала сыртындағы жолдарда орын алады (2 592 ЖКО, оларда 1 108 адам қайтыс болып, 4 201 адам жараланды).